• Бүгін: 23.10.2018 |$1 = ₸365.88

Өмір - өмірге құштар жандармен құнды

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласыдағы гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Айтулы датаны қолға алған жергілікті атқарушы орган мен Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік палатасы Түркістан қалалық филиалының директоры Нәлібай Дәрібаев. Сондай-ақ мерекеге студенттер мен жастар да атсалысты. Елбасы жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Қазақстан мемлекеті-кедергісіз аймаққа айналу керек»-деген сөзі бүгінгі кеште тағы да дәлелденді. "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" демекші, «Шапағат» мүгедектер қайырымдылық қорының президенті Еркінбай Керімбайұлына сауықтыру-жаттығу залына қажетті бірнеше құрал жабдықтарды сыйға тапсырып, аяқтан тұрып кетуге асыққандардың көңіліне шуақ сыйлады. Мүмкіндігі шектеулі бола тұра өмірге құштар, спортты жанына серік еткен бірнеше команда мүшелерін марапаттап, сыйлықтар табысталып, қаржылай көмектен де аянып қалмады. Мейірімділік пен ізгілікке бастайтын шара өнерпаздардың әсем әндері мен мың бұралған биімен жалғасты.Кешке жиналған қауым, тіршілікте тағдырмен күресіп өмір кешіп, барына қанағат етіп жігерін жасытпастан, талай соққыға тайсалмай қасқайып тұратын жандардың бар екендігіне сеніп тарқасты. 


Қиналғанға көмектесіп, сауапты іс жасаудан Кентау қаласының тұрғындары да қалыс қалған жоқ. Кентау қаласында қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 18-қазан "Руxани келісім күніне" орай, орталық мешіттің бас имамы Ғ.Айекеевтің қолдауымен қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында мүгедек балалар мен қарттарға азық-түлік таратылды. Бұл өмірде біреуге жақсылық жасау, садақа беру сауапты іс болып табылады. Осындай игі істер əлі де жалғасын табады деген үміттеміз. Сонымен бірге Кентау қаласында әр сенбіде Ынтымақ алаңында азық-түлік жәрменкесі өткізіледі. Онда қалаға қарасты ауылдардың шаруа қожалықтары өз өнімдерін халыққа ұсынып, арзан бағада сатуда. Мұндағы азық-түліктің сатылым бағасы базар бағасынан 10-15 теңгеге арзан. Қала күніне арнайы ұйымдастырылған жәрменкеге қала әкімі Ә.Мақұлбаев арнайы барып, аралап шықты. Әр сенбіде өткізіліп жатқан жәрмеңкеге барған қала әкіміне қала тұрғындары ризашылықтарын жеткізіп, тіпті әр күні өткізілсе деген ұсыныстарын айтты. Мерекеге арнайы ұйымдастырылған жәрменкеде қаланың кәсіпкерлері арнайы көрме ұйымдастырып, жасалынып жатқан өнімдерімен таныстырды.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17