• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» аясында салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үй құрылысы мен «Достық» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысын аралап көреді. Төрағаның бірінші орынбасары ең алдымен мердігер мекеменің басшысына құрылыстың сапалылығына баса назар аудару қажеттігін айтты. Шымкент қаласы «Асар»  шағын ауданында орналасқан бұл тұрғын үй ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық меройтойы қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған 30 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысын «Southern bilding group» ЖШС-сі жүргізуде. Сонымен қатар, ол аталған бағдарлама  шеңберінде салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылысымен танысып, облыстағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Ең бастысы халық жұмыссыз қалмау қажеттігін айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» бағдарламасына биыл Қазақстанда 770 млрд. теңге бөлінгенін атап өтті.


Өңірдегі «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын баяндаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды облыста 2016 жылы құны 20 197,7 млн. теңге болатын елу нысанның құрылысы жүргізіліп  жатқанын айтты. Оның ішінде он нысан өткен жылдан өтпелі болса, қырық нысаны жаңа құрылыс. Атап айтар болсақ, жиырма алтысы мектеп, бір балабақша, бір жатақхана мен он бір инфрақұрылым және он бір тұрғын үй құрылыстары кіреді. Айта кетейік, аталған нысандарда қолданылып жатқан құрылыс материалдардың басым бөлігі отандық өнімдер және құрылыс алаңына "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы бойынша жергілікті тұрғындар маусымдық және тұрақты жұмысқа тартылып, қазіргі таңда салынып жатқан құрылыстарда қызу жұмыс жүріп жатыр.  


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.