• Бүгін: 21.02.2018

ОҚО-да жаңадан балабақша ашылып, бұрынғы балабақшалар қайта кеңейтілді

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің аясында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы №30 бөбекжай балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Нысанның ашылу рәсіміне аудан басшысы Қайрат Әбдуалиев, «Нұр Отан» Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Тұрсындаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сүлейменовтер қатысып жаңа ғимараттың лентасын қиды. Балабақша 320 орындық, құрылыс  жұмыстары 2014 жылы басталып 2015 жылы тапсырылған. Республикалық бюджеттен 529 миллион 988 мың теңге қаржыға салынған. Заманауи үлгіде салынған балабақшада толық құрал-жабдық, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында берген тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданы аумағында 28 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс істеп, аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейі 83,4  құрап отыр деп жазады Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарастыТаскешу ауылындағы «Жанерке» балабақшасы 100 орындыққа толып, қазан айында қайта құрылып ашылды. Осы елді мекенінде 2013 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында бастапқы 50 орындық «Жанерке» балабақшасы ашылып, халықтың игілігіне берілген болатын. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында осы балабақша 100 орындық болып қайта ашылып, ауыл тұрғындарына тағы да қуаныш сыйлады. «Жанерке» балабақшасының ашылу салтанатына ауылдық округінің әкімі Әмірбек Юсаев, аудандық мәслихаттың депутаты Қайрат Балатаев, ауылдың сыйлы қариясы Құмарбеков Райс, ауыл биі Алтынбек Шекербеков және тағы да басқа жергілікті беделді де белсенді азаматтар қатысты. Олар аталған балабақшадан ел болашағын қалайтын азаматтардың тәрбиеленіп, өсетіндеріне сенім артып, жақсы тілек білдірді. Бүгінгі таңға дейін "Жанерке" балабақшасында 16 адам жұмыспен қамтылған болса, алдағы уақытта қосымша 10 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Аталған мектепке дейінгі мекемені Мырзатаева Айару басқарып келеді. Ал, құрылтайшысы Абданбеков Жандос болып табылады.


 



Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17