• Бүгін: 09.12.2018 |$1 = ₸370.66

Қазығұрттық зиялы қауым Арыстанбаб пен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп қайтты

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның бір топ зиялы қауымы киелі Түркістан қаласына жолға шықты. Аудан басшыларымен бірге ҰОС ардагері, ауданның төбе биі И.Телікбаев ағамыз өзінің ақ батасын беріп, шығарып салды. Аудандағы ардагерлер кеңесінің мүшесі Сүлеймен Райымбеков бастаған 60 Қазығұрттық мәртебелі қонақтарды Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов күтіп алып, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Отырар, Түркістан бағытымен тарихи жерлерді аралауға шыққан қонақтарды Арыстанбабқа зиярат етіп, әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыс бабаларымыздың топырағы қойылған тарихи мемориалды тамашалатты. 
Отырар ауданының басшылары «Арыстанбаб» мешітіндегі Фараб асханасында арнайы дастархан жайды. Қазығұрттық қонақтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаған Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов алыстан ат арыта келген меймандарға туған жеріміздің тарихынан сыр шертетін кітаптар мен сый-сияпаттар тарту етті. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері қасиетті Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесі т.б. тарихи жерлерді аралады. Айта кетейік, аудан бойынша 91 жалғызілікті қарт пен 100 мүмкіндігі шектеулі мүгедек азамат арнайы тіркеуге алынып, олар үйінде әлеуметтік күтімге алынған. Зейнетақысына қосымша жәрдемақы төленуде. Тіпті, мерзімді басылымдарға тегін жаздырып беру ісі де назардан тыс қалған жоқ. Мұқтаж мүгедектерді қол арбамен, есіту аппаратымен, протездік-ортопедиялық бұйымдарымен қамтамасыз ету мәселесі де рет-ретімен шешіліп келеді. Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сай үйде оқытылатын балалардың сабақ сапасы жақсаруда. Жалғызілікті қарттар мен мүгедек балалардың денсаулығын нығайту үшін тиісті шипажайларға жіберуде күн тәртібінен түспейді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.