• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Түрік этномәдени бірлестігінің «Менің қазақстаным - менің жүрегім!» атты мерекелік шарасы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным - менің жүрегім!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Әбілқасым Досболов сөз сөйлеп, ынтымағы жарасқан елде бақ қонып, береке артатынын, облысымыздағы бауырлас түрік ағайындар қазақ тілін ана тіліндей көретініне тоқталды. Сондай-ақ, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуда облыстық түрік этномәдени бірлестігінің үлесі мол екенін тілге тиек етті. – Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жеткен жетістіктерімізге ҚХА-ның қосып жатқан үлесі зор. Соның ішінде түрік этно мәдени орталығы облыстың экономикасына, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүр. Бұл орайда орталықтың төрағасы Латифша Асановтың еңбегін атап өткім келеді. Бірлігі бекем елдің ғана еңсесі биік болмақ, – деді облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков. Мерекелік басқосуда орталықтың белсенді мүшелері облыс әкімінің Алғыс хатымен, облыстық мәслихаттың Грамотасымен және «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталды. Өз кезегінде облыстық түрік мәдени орталығының басшысы Латифша Асанов «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – халқымыз үшін ең құнды мереке. Әрқашан да ұлтаралық келісімдерді нығайтып, елдің тыныштығын сақтап, экономикамызды дамытуға өз үлесімізді қосуымыз керек. Елімізде халықтар достығы мәңгі жасай берсін» деген тілегін айтты. Жиында түрік этносы өкілдері ән мен жырдан шашу шашты. Барша жұртшылаққа құт мекен болған Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 70 мыңға жуық түрік этносының өкілдері тұрады. 1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан түрік этномәдени бірлестігінің жанында жексенбілік мектеп, жастар қанаты мен ақсақалдар кеңесі құрылған. «Або», «Яшлар» ансамблдері облыс көлемінде өткізілетін мәдени шараларда өнер көрсетіп келеді.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.