• Бүгін: 21.10.2018 |$1 = ₸366.11

"Келісім" қауымдастығын құру туралы ұсыныс айтылды

Түркістан қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Қ.А. Ясауи кесенесіне зиярат етіп, ата-баба рухына құран бағыштаудан басталған басқосу Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінде жалғасын тапты. Жиында баяндама жасаған Кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев республикамыздың барлық өңірінде қоғамдық келісім кеңестерін құру жөнінде тапсырма бергендігін атап өтті. Кеңестің негізгі міндеті – азаматтық принципі негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында қоғамда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа бірлестіктерді ұйыстыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу болып табылады. Сондай-ақ өңірде әлеуметтік және басқа да шиеленістерді болдырмау және шешу бойынша ұсынымдар әзірлей алады. Елбасы тапсырмасы аясында облысымыздың барлық аудан, қалаларында 201 Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту бағытында нәтижелі жұмыс істеп жатқанына тоқталды.
Келелі басқосуда зиялы қауым өкілдері мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары елдің бірлігін бекемдеу бағытындағы ойларын ортаға салды. Жиында облысымызда жұмыс істеп жатқан барша кеңестердің басын қосатын «Келісім» қауымдастығын құру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Қалмұратовтың ұсынысына көпшілік қолдау білдірді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17