• Бүгін: 18.02.2018

Cайрамда әлеуметтік сауда орталығы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында ретсіз сауда орындарын жою мақсатында аудан орталығынан әлеуметтік сауда орталығы ашылды. Көшелердің тазалығы мен көріктендіруді және ретсіз сауда орындарын жоюды мақсат еткен Сайрам ауданының әкімдігі бұл жұмыстар оң нәтижесін береді деп сенеді. Соңғы уақыттары аудан орталығында бұл мақсаттағы жұмыстар қарқын ала бастады. Осы ретте, Ақсу ауылының орталығы Абылайхан, Жібек-жолы көшелері бойларында орналасқан ретсіз сауда орындары бойынша, аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып мониторинг жүргізілді. Ескерту парақшалары мен буклеттер таратылды. Жұмысшы топ құрамы, аудан орталығындағы ретсіз сауда жасаушылардың уәждеріне байланысты, заңды жерлерде сауда жасау үшін тиісті жұмыстар жүргізді.


Атқарылған еңбектің нәтижесінде жеке кәсіпкердің есебінен «Әлеуметтік базардың» құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда аудан әкімінің басшылығымен аудан орталығындағы ретсіз саудамен айналысатын тұрғындар аталған сауда орталығына көшірілді. "Әлеуметтік базар" орталығы тұрғындарға да, сатушыларға да өте жайлы, бастысы қолайлы сауда-саттық жүргізу, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, Сайрамда тұрақты түрде аудан әкімінің бастамасымен аудан тұрғындары және ауданға қарасты мекеме ұйымдары бірлесіп жалпы аудандық сенбіліктер өткізуде. Сенбілікте  көше бойлары мен жеке тұрғын үй маңайы және ғимарат алаңдары, ашық далалы жерлер тазалануда. Сонымен қатар, ауылдық округтерде әр сенбілік сайын жаппай ағаш көшеттері отырғызылуда деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17