• Бүгін: 14.08.2018

Кентауда "Менің ағашым менімен бірге өседі" атты тал егу шарасы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларының тал егу шарасы өткізілді. "Менің ағашы менімен бірге өседі" атты іс-шараға қала зиялылары, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты. Биылғы оқу жылында қаладағы жиырма үш мектептегі бірінші сыныпқа екі мың он тоғыз окушы барса, осыған сәйкес, акция аясында, тиісінше, 2019 түп ағаш отырғызылды. Ондағы мақсат - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу. Сол себепті, бірінші сыныптың оқушылары мектепті бітіргенше өздері еккен талдарға қарайтын болады деп жазады Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары көшет отырғызды. Қазақстан халқы Ассамблеясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Қазына» этно-тарихи кешені аумағына  өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көшет отырғызды, деп хабарлайды аймақтық әкімдіктің баспасөз қызметі. Этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті  нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуді мақсат еткен игі шара - ұлысымыздың ұйытқысы атанған оңтүстікті жасыл желекке айналдырып, көркейтуді көздейді. Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді этнос өкілдері атсалысты. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіндегі жеті тұғырды нәтижелі іске асыруды өздеріне мерейлі міндет санайтын ассамблея мүшелері Ұлт жоспарының 86-қадамындағы өңірлік мәдени-туристік кластерін құруды бүгінгі іс-шарамен тығыз байланыстырады. Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында этномәдени бірлестіктер жұмыла кірісіп, қоғамдық істерге белсене атсалысады. Мұндай іс-шаралар аймақтағы ұлттар мен ұлыстардың береке мен бірлігін арттыра түсуге, ынтымағын арттыруға айтарлықтай ықпал етеді. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17