• Бүгін: 23.05.2018

«Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» семинары Түлкібаста өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов бастаған зиялы қауым өкілдері Түлкібас ауданына келіп, іс-шаралар қатысты. Алдымен Келтемашат ауылдық округіндегі ардагерлер кеңесінің жұмысымен, Т.Рысқұлов ауылындағы әжелер алқасының жұмысымен танысты. Іс-шараның жалғасы аудандық мәдениет үйінде жалғасып «Әже- ұлт ұйытқысы» атты облыстық аймақтық семинар өтті. Облыстық аймақтық семинарға бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, әжелер алқасының төрайымдары, әжелер және зиялы азаматтар қатысты. Семинар барысынды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов «Ұлтын ойлаған ұрпағын түзейді», Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Жанар Бектаева «Отбасы құндылықтарын арттыру», аудандық әжелер алқасының төрайымы Г.Ешенқұлова «Әже ұлттың ұйытқысы» тақырыптарында баяндама жасады. Аудан әкімінің орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева қазіргі жастардың, мектеп оқушыларының тәрбиесі жөніндегі мәселелерге тоқталды. - Түлкібас аудандық әкімі жанындағы үйлестіру кеңесі қазір қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктердің алдын-алу мақсатында жиі мәселе көтеріп жүр. Әсіресе, біз үшін ұрпақ тәрбиесі мен тәртібі алдыңғы орында. Олардың қоғамдық істерге белсене араласуы, өз орнын табуы, мамандық игеруі, жұмыспен қамтылуы немесе жеке кәсібін жүргізуі үшін қолдан келген барлық шараларды атқарамыз. Біз үшін кейінгі өсіп келе жатқан жас буын жат ағымның жетегінде кетпеуі керек. Өзіне қол жұмсау қаупі бар оқушылар, жеткіншектер, тіпті ересектермен жұмыс істеп, олардағы шиеленіскен сұрақтың жауабын табу үшін жұмысқа кірістік. Аудан көлемінде мәдени іс-шараларды арттырып, әсіресе аға буын өкілдері арасынан зиялы қауымды, ардагерлерді, көпті көрген қарияларды жастармен жиі жүздестіріп, өмірлік тәжірбелерін бөлісуге, ақыл-кеңестеріне жүгініп, ой бөлісуге шақыруды да көздеп отырмыз. Қазіргі қоғам ішіндегі ахуалмен етене араласып жүрген қоғамдық ұйымдарымыз, қоғамдық кеңес, әйелдер кеңесі, ардагерлер кеңесі, әр ауылда алқа билеріміз бар. Осы кеңестер мен ұйымдарды жастармен, жасөсіпірім жеткіншектермен тығыз байланыса отырып бірлесе жұмыс істеуге шақырамын. Ең алдыңғы кезекте – жастарымызды, жасөспірім жеткіншектерімізді еңбексүйгіштікке баулуымыз керек, - деді ол. Іс-шара соңы аудан көлемінде өткізілген байқауда жақсы өнер көрсеткен әжелердің дайындаған концерттік бағдарламасымен ұштасты. 


Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17