• Бүгін: 21.10.2018 |$1 = ₸366.11

Аймақ басшысы Созақ ауданындағы тұрғын үй құрылысының жұмыстарын көрді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Созақ ауданында болып, ондағы тұрғын үй құрылысы мен бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Аймақ басшысы Созақтың орталығы - Шолаққорған ауылындағы «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынып жатқан жалдамалы 50 тұрғын үйдің құрылысын көрді. Бұл күнде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім және жартылай жетім қалған балалар бірінші кезекте тұрғын үйге қол жеткізетін болады. 2015 жылы басталған баспана салу жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ел Құрылыс тобы» ЖШС-і жүргізіп отыр. Айта кету керек, бүгінде Созақ ауданында 454 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Тұрғын үй құрылысымен танысу барысында аймақ басшысына осы маңға таяу жерден тағы да жеке сектор үшін жер телімі бөлінетіні баяндалды. Аталған мәселеге қатысты ойын білдірген аймақ басшысы жоғарыда аталған тұрғын үй құрылысы сынды баспаналарды бірдей етіп, сапа жағынан кемшін түспейтін, ортақ жоспармен салуды тапсырды.


Сапар барысында облыс әкімі Ж.Түймебаев Созақ аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жанынан ашылған тігін цехының жұмысын да көрді. Онда қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі 15 адам жұмыспен қамтылған. Тігін цехында шаруашылық жұмыстарына қажетті қолғап, төсек жаймалары мен арнайы жұмыс киімдері тігіледі. Сондай-ақ, мұнда аудан халқына шаштараз бен аяқ киім жөндеу қызметтері көрсетіледі. Жетекшілердің айтуынша, алдағы уақытта мұндағы жұмыспен қамтылатын мүгедек жандардың саны 25-30 адамға дейін жетіп, қосымша, компьютер жөндейтін, пластик терезелерін шығаратын қызмет көрсету түрлері де жұмысын бастайды деп күтілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы цехта тігілген киімдерді «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты уран өндіретін компаниялар мен аудан халқы және бюджеттік мекемелер тұтынатын болады. Айта кету керек, аудан бойынша 2085 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Сапар барысында аймақ басшысы аудан активімен кездесіп, Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаевтың жыл басынан бері атқарған жұмыстарының барысын тыңдады.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17