• Бүгін: 21.02.2018

"Жүректен жүрекке" акциясы аясында 40-тан астан адам донор болды

Бүкіл республика Тәуелсіздік күнінің 25 жылдығына орай көптеген іс-шаралар мен акциялар өткізуде. «Азаматтарға арналған үкімет» назардан тыс қалмай, бүгін мемлекеттік корпорациясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің барлық қызметкерлері Облыстық қан орталығында донорлық қан тапсырды.


««Жүректен жүрекке» қайырымдылық акция шеңберінде жсалған жәрдем - қан тобы қажет болатын адамдарға көмектеседі деп сенеміз. Бүгін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің 40-тан астам қызметкерлері донорлық қан тапсырды. Бұл шара бүкіл ОҚО бойынша депертамент қызметкерлері қатысқан көптеген акциялардың бірі. Бұдан ертерек біз ОҚО бойынша 55 ағаш егу бойынша акция жүргізгенбіз. Сондай-ақ, жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін ойыншықтар жинауға «Ризашылық» және Әлеуметтік бейімдеу орталығының белгілі тұрағы жоқ жандар және көмекке мұқтаж азаматтар үшін жылы киім жинауға арналған «Қиын жағдайға түскен жанға жылуыңды бер» акцияларын өткізу жоспарлануда» - дейді ұйымдастырушылар.


Облысымызда мұндай қайырымдылық шаралардың соңғы кездері артып келе жатқаны көңіл жадыратады. Ұлысымыздың ұйытқысы Оңтүстік тұрғындары қашанда мейірімділік танытудан кенде емес. Мұндай шараларға арқау болып жүрген ел жанашырлары көп болсын.


Рухы өр,


Тәні бекем.


Бұл бір қайсар халық екен,


Тірліктен де артық қойған бірлікті – демекші, бірлігі артқан «Мәңгілік ел» болайық.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17