• Бүгін: 23.05.2018

ОҚО-да «Қазақ дастарханы» ет асу фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» қабылдау үйінде» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті. Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен өткен шара аясында өңірдегі жиырма этномәдени бірлестік қазақтың ұлттық тағамдары қойылған достық дастарханын жайып, ет асудан аспаздық шеберліктерін көрсетті. Өңір басшысының құттықтауын жеткізген ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов: – Өткен тарих пен қазіргі берекелі заманды саралаған жанға бүгінгі шараның мәнін түсіну аса қиын емес. Кеңестік дәуірдегі солақай саясаттың салдарынан қазақ еліне жер аударылғандар алдыңғы буынның кең пейілі мен берекелі дастарханының арқасында осы күнге аман-есен жетті. Бүгінде біз бәріміз бір халықпыз. Бәріміздің туған жеріміз біреу, ол – дархан Қазақ даласы, - деді. Этностарды мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру арқылы қазақстандық бiрегейлiк пен бірлікті, этносаралық келiсiмдi қамтамасыз етуді көздеген шараға өңірдегі зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, дін өкілдері мен белгілі спортшылар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының жетекшілері, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері, аудан, қала делегациялары мен БАҚ өкілдері және Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.


Оңтүстікқазақстандық этномәдени бірлестік өкілдерінің қазақша ет асудағы кәсіби шеберліктерін бағалаған қазылар алқасы үшінші орынға – өзбек, татар-башқұрт, қырғыз этномәдени бірлестіктерін, екінші орынға – «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі мен түрік этномәдени бірлестігін лайық деп тапты. Бірінші орынға – ұйғыр этномәдени бірлестігіне табыстап, Бас жүлдені иран этномәдени бірлестігіне тапсырды.


"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17