• Бүгін: 21.05.2018

Ордабасыда суретшілер байқауы өтті (ОҚО)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы жастары арасында «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты суретшілер байқауы өтті. Аталмыш шараға 14 пен 29 жас аралығындағы өнерлі өрендер қатысты. Қатысушылар өз қиялдарына ерік беріп, түрлі туындыларды көркемдеп, қағаз беттеріне түсірді. Туындылардың асты тақырыптары еліміздің егемендігі жайлы болды. Шара соңында жас суретшілер қағаз бетінде бейнеленген туындыларын көпшіліктің назарына ұсынды. Осылайша 38 үміткер өз туындысын бәйгеге қосып, қазылар алқасының төрелігіне жүгінді. Байқау нәтижесінде "Батсу" негізгі орта мектебінің оқушысы Н.Жақсылықова бас жүлдені иеленіп, "Кәусар" гимназиясының оқушысы Қ.Ерболатұлы І орынды, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Д.Нұртаев – ІІ орынды, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінен Ж.Сайлаубек ІІІ орынды иеленді. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Сайлыбаев байқауға қатысушыларға ерекше ризашылығын білдірді. Қазақстанның Тәуелсіздігі - баға жетпес байлығы екенін айта келе, жастарды жақсылыққа үндеді. Жүлдегерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарды орталық басшысы өз қолымен табыстады. Шара соңында орталық басшысы қатысушы жастарға және ауданның өзге жастарына әрдайым қолдау білдіріп, демеу көрсететіндігін қуана жеткізді. Бұған дейін де орталық басшысының жас буын үшін атқарған талай жұмыстарымен таныспыз, алдағы уақытта ерен еңбектеріне куә боламыз деген ойдамыз. Тәуелсіздігіміз үстем, мерекеміз мерейлі болсын!




 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17