• Бүгін: 21.05.2018

«Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет»

«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі  ауылда болсын, қалада болсын тиянақты мән беріліп, қолға алынып жүр. Мектеп табалдырығын аттаған әрбір бірінші сынып оқушыларымен қатар әрбір орта, жоғары сынып оқушылары өз атынан көшет отырғыза бастады. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе? Осындай шараны тек қоғамдық орындарда, мектеп пен мекеме ауласында ғана емес, әрбір бала, әрбір ата-ана өз перзентінің атынан үйдегі аула ішінде тал отырғыза білсе, нұр үстіне нұр құйылар еді. Бүгін Арыс ауданы әкімінің баспасөз қызметі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының әкімі Мұрат Болатұлының бастамасымен қала аумағын көріктендіру және абаттандыру мақсатында алты жүзге жуық адамның қатысуымен қалалық «Ағаш егу» акциясы өткенін жазды. Акцияны өткізудегі негізгі мақсат қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.  «Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» деген нақыл сөзді ұстанған қала тұрғындары Арыс-Шымкент бағытындағы жол жиегіне бір мың бес жүз түп түп қара тал көшеттері, «Жасыл аймақ» және «Жастар» саябақтарына, «Жеңіс» скверіне екі жүз сирия розасы, үш жүз катальпа және үш жүз талшын (каштан) ағаштарының көшеттерін отырғызды. Егер де әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстаса, егілген ағаш көшеттерінің дарақ болып өсуіне жағдай жасаса, үйлерінің қасбеттерін ақтаса Арыс қаласының бұдан да ажарлана түсетіні ақиқат. Сондықтан барлық арыстықтарды қала тазалығына бір кісідей атсалысуға, егілген ағаштарды суарып, баптауға шақырамыз


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17