• Бүгін: 14.08.2018

«Тәуелсіздік құрдастары» ағаш көшеттерін отырғызды

Облыс көлемінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында қолға алынған сенбілік шарасы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында кең қолдауға ие болды. Қаладағы өтіп жатқан тазалық күніне мемлекеттік мекеме қызметкерлері және жеке сектор өкілдері қатысуда. Соның ішінде, Түркістан қаласының орталығындағы саяжайлар, көше жиектері тазаланып, ағаш көшеттері отырғызылуда. Және де қалаға қарасты ауылдық округ тұрғындары да атаулы күнге өз үлестерін қосуда. 
Сонымен бірге, ел тарихындағы Тәуелсіздік атты айтулы мерекені ұлықтауға бағытталған іс-шара жоспарына сай бүгін «Тәуелсіздік құрдастарының» ағаш көшеттерін отырғызу акциясы өтуде. Бұл шарада 100-ден астам жас - мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызды. Акцияға қатысушы Түркістан қаласының тұрғыны Абай Берден: «Тәуелсіздік құрдастарының» ағаш көшеттерін отырғызу шарасына мен де өз үлесімді қосу үшін келіп отырмын. Қаламыз көркейіп, туған өлкеміздің гүлденуіне құрбы-құрдастарыммен қатар қолтаңбамды қалдырғым келеді. Келешекте еліміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосамын деп сенемін» - деп ізгі ниетін жеткізді. Осылайша экологиялық шараның мән-маңызын өз істерімен арттыруға үлес қосып жатқан түркістандықтар қызу іске кірісіп кеткен. Сонымен қатар, тал егу шаралары Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында да жалғасты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларының тал егу шарасы өткізілді. "Менің ағашы менімен бірге өседі" атты іс-шараға қала зиялылары, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты. Биылғы оқу жылында қаладағы жиырма үш мектептегі бірінші сыныпқа екі мың он тоғыз окушы барса, осыған сәйкес, акция аясында, тиісінше, 2019 түп ағаш отырғызылды. Ондағы мақсат - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу. Сол себепті, бірінші сыныптың оқушылары мектепті бітіргенше өздері еккен талдарға қарайтын болады.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17