• Бүгін: 21.05.2018

Тәрбие басы - тал бесік

Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, қоғамы болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. «Қызым үйде, қылығы түзде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл сөз тек қыздарға ғана қатысты деуге болмайды. Кез – келген бала өз отбасында, ата – ананың көз алдында жүріп көрсете алмайтын мінез — құлықтарын басқа қоғамда көрсетеді. Өзге біреуге әлім – жеттік көрсету, үлкенге қарсы келіп сөз қайтару сияқты үйде көрсетпейтін мінездерді далаға шыққанда көрсетіп жатады. 
Мұның бәрін ата – анадан кейінгі үйретуші мектептер мен колледждер. Мектеп табалдырығында жүрген әрбір оқушының, әсіресе қыз баланың тәрбиесіне тікелей жауапты мамандар, олар мектеп пен колледждердегі педагог психологтар. Осы қиыны мен қызығы қатар жүретін маман иелерінің атсалысуымен бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласындағы  №17 колледжде «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Арыс ауданы прокуратурасының прокуроры Ж.Дауылбаев, Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің ЖПҚ КТІЖ аға УПИ полиция майоры Ж.Жүнісбеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Нұртазаева, Арыс АІІБ-нің жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Мырзахметова, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Г.Мақсұтова және қала аумағындағы білім мекемелерінің әлеуметтік педагогтар мен психологтар қатысты. Шара барысында бүгінгі күннің өзекті мәселесі қыз тәрбиесі мен ерте жүктіліктің алдын алу барысы талқыға салынды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.


Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17