• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

Ащысай ауылында 150 көшет егілді

Тәуелсіздіктіктің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында «Ауылым-алтын бесігім» атты акция өтті. Онда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Д.Амандыков, №7 мектебінің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А.Бекназарова, мектеп ұйымдастырушысы Г.Алимкулова, №7 мектебінің жұмысшысы Б. Джакупов, бірінші сынып оқушылары, №8 мектептің әлеуметтік педагогы Е.Жундибаев, №8 мектебінің сегізінші сынып оқушылары мен ауыл әкімі аппаратының мамандары қатысып, ауыл ауласын ажарын келтіретін көшеттер отырғызды. Мектеп, ауыл аулаларын көгалдандыруға бұл күні барлығы бір жүз елу көшет егілді. 


Сондай-ақ,  «25 жыл: бір ел, бір тағдыр» атты қалалық іс- шаралар жоспарына сәйкес, Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Сейфуллин көшесі № 66,68,93 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, спорттық іс-шаралар, жарыстар ұйымдастырылды. Жарысты өткізудегі негізгі мақсат қала, ауыл тұрғындары мен жастары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын жоғары дәрежеде атап өту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Жарыс нәтижесінде үздік болған қала бүлдіршіндері дипломдар және бағалы сыйлықтар мен марапатталды. Көп балалы және мүгедек балалары бар отбасыларға қайырымдылық ретінде спорттық киім беріліп, спорттық жарыстарға белсенді қатысқан жасөспірімдерге тиісті дәрежедегі диплом және сыйлықтар тапсырылды. Мерекелік іс-шара барысында аула тұрғындарына ас таратылды. Осындай мерекелік іс-шараның өткізілуіне ықпал етіп отырған қала әкіміне аула тұрғындары алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылып тұруына өтініш білдірді. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17