• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Патриоттық әндер байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының аясында Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы Шаштөбе жалпы орта мектебінде «Атамекен» патриоттық ән байқауы өтті. Ауыл тұрғындарына мәдени қызмет ету, жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың отаншылдық сезімдерін арттыру мақсатында өткен байқауда патриоттық әндер және еркін тақырыптағы әндер орындалды. 
Байқау үміткерлері Муниса Тойметова, Элнара Абдужамидова, Нурали Сатиболдиев және Барчиной Бабажанованың орындауында «Атамекен», «Қазақтай ел қайда», «Отан», «Қазақ елім» атты әндерді шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Кішкентай бүлдіршін Ислам Мирзахановтың орындауындағы «Жас түлектер әні» көрермендерге көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. 
Шара соңында әділ қазылар алқасының анықтауымен байқау жеңімпаздарын ауыл әкімінің дипломымен марапаттады. Бас жүлдені «Балапан» бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі Нурали Сатиболдиева жеңіп алса, бірінші орын Элнара Абдумажидоваға бұйырды, екінші орынды клубтағы ән үйірмесінің қатысушысы Барчиной Бабажанова иеленсе, ал үшінші орынды Малохат Мадмусаева місе тұтты. Сондай-ақ «Ең жас әнші» номинациясын төрт жастағы Ислам Мирзахановқа берілді. Патриаоттық ән байқауы өте тартымды, әрі қызықты болып өтілді.


Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жоспарға сәйкес, Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайының өнер ұжымы қала тұрғындарына арнап кезекті концертін өткізді. Іс-шараға қала әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетов, қалалық мәжіліс депутаты М.Күнпейісов және қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Абдуллаев қатысып, тұрғындарға жылы лебіздерін білдірды. Қоғамдық жұмыстарға атсалысып жүрген көшенің белсенді азаматтары алғыс хаттармен марапатталды. Мәдениет сарайының қызметкерлері А.Серікбев, Б.Мыңбай, Е.Шелкариев және үйірме қатысушылары Қ. Әріпхан, А.Ақайдар патриоттық әндерді орындап, жиналған тұрғындарды мерекелерімен құттықтады.


Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.