• Бүгін: 21.05.2018

Бала тәрбиесі - жауапты іс

Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу, білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды тәрбиелеу. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық білім бөлімінің бастамасымен Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектебінде «Қиын», «Қиынға бейім оқушыларды дұрыс жолға бағыттау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында қиын балалармен жұмыс жүргізу мәселелері талқыға салынып, мамандар іс тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.


Сонымен қатар, Арыс қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында қаламызға қарасты Байырқұм, Жиделі, Көкжиде, Аққала елді мекендерінде жиын өтті. Жиынның мақсаты қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау, жас балаларды азғындық жолға түсірудің алдын алу болып табылады. Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Мырзахметова, Арыс аудандық емханасының акушер-гинекологы С.Рахымбаева және психолог А.Арапбек жиын барысында баяндамалар жасады. Аталған іс-шараға құқық қорғау органдары мен ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, медбикелер мен жоғары сынып оқушылары қатысты.


Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17