• Бүгін: 24.09.2018 |$1 = ₸355.88

Төлеби ауданның әкімі Әлем чемпионатының күміс жүлдегерін қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы әкімі Б.Парманов самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы Әлем чемпонатының күміс жүлдегері Набиев Мади Байдиллаұлын қабылдады. Төлеби ауданының тумасы бала күнінен спортпен шұғылданған, қазіргі таңда кәсіпқой спортшы. Аудандық оқушылар үйінің дзюдо күресі спорт түрі бойынша жаттықтырушысы . Аудан әкімі күміс жүлдегерді алған атағымен құттықтап, өзінің қатырана қосылатын ізбасарларын көбейте беруіне тілек білдірді. Осы уақытқа дейін Набиев Мади самбо және дзюдо күресінен облыстың, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған. 2016 жылы Түркістан қаласында самбо күресінен өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында алтын медальді жеңіп алған.
2016 жылдың 20-23 қазан күндері Хорватия мемлекеті Порич қаласында 35-39 жас аралығындағы спорт шеберлері арасында өткен самбо күресінен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Самбо және дзюдо күрестерінен спорт шебері. Аудан әкімі әлем чемпионын алған атағымен құттықтап, өзінің қатарына қосылатын ізбасарларын көбейте беруіне тілек білдірді. Тағы бір айта кететін жаңалық, Төлебиде ардагерлер арасында ашық біріншілік өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Лес Түймеліұлын еске алуға арналған кіші футболдан жасы 40 тан асқан ардагерлер арасында ауданның ашық біріншілігі ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарысқа Шымкент қаласынан 2 команда Түлкібас ауданынан 1 команда Төлеби ауданынан 4 команда қатысып, өзара күш сынасты. Жарыс нәтижесінде І-орынды Шымкент қаласының Толағай командасы иеленсе, ІІ-орынды Ленгер қаласының құрама командасы жеңіп алды. ІІІ - орынды Шымкент қаласының Ардагер командасы иеленді. Жүлделі орын алған командалар диплом, кубоктар және демеушілер есебінен қаржылай марапатталды. 


Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17