• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Фуд-өнерші келіншек

Instagram – жәй әлеуметтік желі ғана емес, ол кейбір жандар үшін табыс көзі, жарнаманың орны... Кейбірі ол жерде достар ғана емес, тауарларын сатып алатын тұтынушыларды да іздейді. Өз қолдарымен жасап шығарған туындыларын көрсетуге асығады. Егер тауарлары мен фотосуреттерін тақырыпқа сәйкес тегтермен жарияласа, онда іздеу алаңшасына топ етіп түседі де, көптеген қажетті ақпараттар мен мәліметтердің ортасына тап бола кетіп, сұраған іздеушісін нақ табуы мүмкін.


Ида Скиванс (Ida Skivenes) деген бельгиялық әйел ерекше өнер түрін ойлап тауып, оны инстаграмға жариялап отырады. Ол тәрелкеге көкөністер мен жеміс-жидектен, басқа да тағам түрлерінен картина жасайды. Әуелгі кезде маңайындағы таныстары көрген туындылар бірте-бірте танымалдыққа айналып, жылтырақ журнал бетіне жарияланатын болған. Және соған сай қаламақы алады.


Ида өзін Инстаграмдағы фуд-суретшімін деп есептейді. Қолындағы iPhone смартфоны арқылы өнімдерін суретке өзі түсіреді. Мұндағы небір ғажайып көріністер өз қиялының ұшқыны. Ал, оны қайталап қалай жасауға болатынын авторлық блогында жазып отырады екен. Мәселен, банан және картоп езбесінен қалай «адам» жасауға болады? Сізге бұл қызық тақырып па? Бәлкім, кешкі асқа балаларыңызды қуанту үшін әзірлеп берерсіз? Туған күні болса, тіпті жақсы. Бастысы, ол тағамдар көптеген адамдардың көңілінен шыққан, әрі ғаламтор газеттері мен сайттардың, баспалардың материалына айналды, олар Иданың туындыларын іріктеп алып, жариялайтын көрінеді. 


Құралай АХМЕТ


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.