• Бүгін: 14.08.2018

Түлкібас ауданы Тәуелсіздік мерекесін тойлады

Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған жазиралы кең даланың төсінде Тәуелсіздік мерекесі ерекше ықыласпен тойлануда. Барша қазақстандықтар сияқты 110 мың халқы бар ОҚО, Түлкібас ауданының жұртшылығы ең ұлық мерекені аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан бастау алып, орталық алаңға ұлттық салт-дәстүрге сай киіз үйлер тігіліп, мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада халыққа қолжетімді, бағасы арзан ауданның әрбір ауылдық округінің ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков аралып, кәсіпкерлерімен кездесіп, сауда-саттық барысымен танысты. Мұнан соң, Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс шара М.Дулати атындағы аудандық мәдениет сарайында жалғасын тапты. Мерекелік іс-шарада ынтымағы жарасқан, татулығы берік өзге ұлт өкілдерінің дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, ән мен күй орындалып, отандық өнімдердің көрмесі мен қолөнершілерді бұйымдары қойылып, аудан халқына мерекелік көңіл күй сыйлады. Тау халқын өңір басшысы Ә.Тұрғымбеков құттықттап, еліміздің тәуелсіздіктің арқасында жеткен жетістіктері мен ауданда соңғы 25 жылда атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, алдағы атқарылатын жұмыстарды айтып өтті. Салтанатты іс-шарада ауданда өз кәсібің ашып, халықты жұмыспен қамтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кәсіпкерлер мен биылғы жылы егілген егіннен, өсірілген малдан мол өнім алып, ауылшаруашылық саласында жоғары көрсеткішке қол жеткізген ауылшаруашылық саласының еңбеккерлері марапатталды.


Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17