• Бүгін: 23.10.2018 |$1 = ₸364.61

Қайырымдылық – асыл қасиет

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның адаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Қашан да алған қолдан, берген қол қайырлы. Осы мақсатта, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының басшысы М.Қадырбектің бекіткен іс-шарасына сәйкес, қаламызға қарасты Қожатоғай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жаны жомарт азаматтардың қатысуымен «Қайырымдылық жасау – ізгі қасиет» атты акциясы өтті. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел ағалары әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға көмір, отын, қыс айларына жететін, ет, күріш, ұн, макарон, қант, картоп, сәбіз, пияз, тұрмысқа қажетті заттарды молынан үлестірді. Шараны ұйымдастырушылар осынау игі істің алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17