• Бүгін: 16.08.2018

Төлеби ауданында Тұңыш Президент күніне орай спорт кешені ашылып, жастар форумы өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жабық спорт сауықтыру кешені ашылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру - әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің келешегі жастар десек, әлеуметтік - экономикалық жағынан жан-жақты дамыған, өркениетті, мәдениетті мемлекет құруымыз үшін ұрпағымыздың дені сау, салауатты болуы міндетті. Шынығу – салауатты өмір салтының негізі. Осы қағидаларды ұстана отырып, Төле би ауданының азаматы жеке кәсіпкер Тойчиев Хыдыр Султан Рабат елді мекенінен жиырма миллион теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салды. Жалпы 0,17 га жерге салынған бұл нысанда жабық футбол алаңы, үстел теннисі мен тренажер залдары бар. Былтырғы жылы ауданданымызда үш жүз он төрт спорт нысандары тіркелген, бұл көрсеткіш биылғы жылмен салыстырғанда үш жүз отыз екі спорт нысанына артып отыр. Соның ішінде он үш  спорт алаңшасы бес мектеп жанындағы спортзалдар пайдалануға берілді.


Сонымен қатар аудан орталығында "1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне" орай "Мәңгілік ел" жастар форумы өткізілді. Іс-шара басы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл, Желтоқсан оқиғасына 30 жыл, Төлеби ауданына Төле Әлібекұлының есімі берілгеніне 25 жыл, Халық ақыны Қазанғап Байболұлына 125 жыл, Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа 170 жыл толуына арналған 170 адамнан құрылған флэшмоб биімен ашылып, атаулы даталарға мерейтойларымыздың аттары жазылған әуе шарлары ұшырылды. Іс-шара барысында аудан әкімі Б. Парманов "Жастар алеясындағы" көрмені тамашалап, үздіктер қатарында жүрген жастарымызды марапаттады. Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.


Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17