• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Жеңіс Қасымбек Еуразия бәсекелестік бағдарламасының Директоры Антонио Соммамен кездесті

6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрлігі ғимаратында министр Жеңіс Қасымбек пен Еуразия бәсекелестік бағдарламасының Директоры Антонио Соммамен кездесуі болып өтті. Айта кетерлігі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Министрліктің бірқатар салалары бойынша әріптесі болып табылады, ал қазіргі таңда ЭЫДҰ-ның бизнес климатты жақсарту бойынша көптеген кепілдемелері қолданыстағы және әзірленіп жатқан заңнамаларда орын тапқан. Қазіргі таңда, министрлік бірқатар салаларға қатысты «Қазақстанның инвестициялық климатына екінші шолу», «Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі бәсекелестігін арттыру», «Қазақстанның салалық бәсекелестігін арттыру стратегиясы» сияқты жобаларды іске асыруда. Аталған жобалардың сәтті іске асырылуы ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары стандарттарына өтуге жол береді. Кездесу барысында ЭЫДҰ өкілдері Министрліктің Инвестициялар комитеті, Құрыш комитеті және Индустрия, инновациялар және кәсіпкерлік комитеті сияқты ЭЫДҰ-ң салалық органдарына мүшелік ету мақсатында Қазақстанның атқарып отырған жұмыстарын жоғары бағалады және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге жан-жақты жәрдем көрсетуді ұсынды. Кездесу қорытындылары бойынша, Ж. Қасымбек бәсекелестікті арттыру мәселелеріне жауапты ЭЫДҰ мемлекеттері даму министрлерінің басын қосатын биыл қараша айында Париж қаласында өтетін «Еуразия Аптасы» атты жыл сайынғы маңызды іс-шараға қатысуға шақырылды.          


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.