• Бүгін: 23.05.2018

ОҚО әкімі: Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жұмысты жаңа форматта бастаймыз

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев аудан, қала әкімдері және басқарма басшыларымен жиын өткізді. Онда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, осы жылғы жоспарлар пысықталды.
2017 жылы жұмысты жаңа форматта жүргізу қажеттігін айтқан аймақ басшысы нақты жоспар – нақты нәтиже бағытында жұмыс істеуді міндеттеді.
Яғни, берілген тапсырмалардың орындаушылық тәртіп деңгейін көтеруді, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын тыңдап тиісті шара қабылдауды атап өтті.
Сонымен қатар, жиында өңірдегі әрбір ауданды жекелей дамыту үшін жасалып жатқан 2017 жылға арналған даму концепциясы сөз болды.
Келесі аптадан бастап аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының 2016 жылы атқарған жұмыс есептері мен даму концепцияларын тыңдайтынын айтқан әкім даму құжаты дұрыс әзірленбеген жағдайда шара көрілетінін ескертті.
«Бұл концепция әрбір басқарма басшысының және аудан, қала әкімінің күнделікті өз саласындағы немесе өңіріндегі жетістіктерді бағалайтын басты құралы және әдістемелік нұсқауы болуы тиіс. Әрбір ауданды жекелей дамыту үшін жасалып жатқан құжатта халықтың әлеуметтік, тұрмыстық, қауіпсіздік, білім беру және денсаулық сақтау мен коммуналдық, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық сынды салаларында кездесетін өзекті мәселерді толық шешуге бағытталып жасалу қажет»,-деді Ж.Түймебаев.
Сонымен қатар, аймақ басшысы өткен жылы облыста орын алған кемшіліктерді болдырмау мақсатында бірқатар жүйелі шараларды атқаруды тапсырды. Мәселен, кенеден залалсыздандыру жұмыстарына қажетті дәрі дәрмектерді ақпан айынан кешіктірмей сатып алып, залалсыздандыру жұмыстарын наурыз айында аяқтауды. Құтыру ауруының алдын алу мақсатында, аудан, қалаларда қаңғыбас иттерді және мысықтарды ату жұмыстарын сапалы жүргізуді. Және шегірткеден залалсыздандыру жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді. Көктемгі су тасқыны жағдайларын алдын-алу шараларын қабылдап, көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүзеге асыру үшін МТС-тарды мерзімінде құруды. Сондай-ақ, егіншілерге жеңілдетілген жанар-жағармайды уақытында жеткізілуін қамтамасыз етуді қатаң түрде тапсырды.
Мәжілісті қорытындылаған өңір басшысы аталған тапсырмаларды жүзеге асыруда нақты нәтижелерге қол жеткізу бағытында жұмысты жиынның басында айтқандай жаңа форматта атқаруды бастайтынын айтты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметіu


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17