• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

ОҚО-да 49 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

2016 жылы Oңтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп саласында 777 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл республикадағы ең жоғарғы 3-інші көрсеткіш. Өңірдің жалпы әлеуметтік экономикалық дамуы аясында атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.


– Былтыр Оңтүстікте индустриаландыру бағдарламасы бойынша  9,3 млрд. теңгені құрайтын 19 жобаны іске қосылды. Нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы аталған мемлекеттік бағдарлама басталғалы облысымызда 230 миллирадтан астам теңге жұмсалған 159 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 13 500 жұмыс орны пайда болып, аталған кәсіпорындар 270 миллиардтан астам теңгенің өнімін шығарды, – деді Ербол Әбілхайырұлы. Өңірде жұмыс істеп тұрған 173800 шағын және орта кәсіпкерлік бар. Олар 325 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Осынша жұмыс күшімен өткен жылдың 9 айындағы өндірілген өнім көлемі 627,6 млрд. теңгені құрады. Ал, ауыл шаруашылығындағы табыс 445 млрд. теңгеге жетті. 2016 жылы негізгі қорға 380 миллиард 600 миллион теңге инвестиция бағытталды. Инвестициялық салымдарддың  245 миллиард теңгесі шағын кәсіпорындардың үлесінде. Оңтүстікте құрылыс қарқынжды жүргізіліп жатыр. Былтыр 529,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19%-ға артық. Тұрғындарды жаңа қоныспен қамту бойынша облыс елімізде Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысынан кейінгі 4-інші орынды иемденді. Облыс бюджетінің көлемі 575,8 млрд. теңгені құрады.


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 16 миллиард 900 миллион теңге игеріліп, нәтижесінде 72 мың 200 адам қамтылды. Ал, 2015 жылы 5 миллиард 4 миллион теңге игерілген болатын. Былтыр 2088 азаматқа 5 миллиард 7 миллион теңге шағын несие берілді. 2102 адам кәсіби оқуға жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 4972 адам жолданып, оныың 94,4%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасымен барған 5135 адамның 75,8% тұрақты жұмыспен қамтылды. 2016 жылы 49 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты. «Балапан» бағдарламасы бойынша 8-і мемлекеттік, 118-і жекеменшік балабақша ашылып, бір мемлекеттік шағын орталық іске қосылды. Нәтижесінде, бір жылда 12730 бала балабақашамен қамтылып, мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны 1651-ге жетті.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.