• Бүгін: 23.05.2018

Түлкібаста түркиялық кәсіпкерлер жаңа жобаларды жүзеге асырмақ

Баламалы энергия көздері жобасы бойынша инновациялық жоба болып табылатын шағын су электр станциясын салу мақсатында Түркия Республикасынан келген инвесторларымен аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков кездесті. Кездесуде аудан әкімі А.Е.Тұрғымбеков Түркия Республикасының «Индустриал» компаниясының қаржылық директоры Ильяс Кошасланға аудандағы  су және жел  арқылы  шағын электр энергиясын өндіретін станцияға қолайлы Машат, Арыс, Құлан өзендері және су қоймалары мен желдің басым бағыттары жайында таныстырды. Баламалы энергия көздерінің жасыл экономика саласындағы негізгі бөлігі екендігін айта келе, ауданда жобаға қолайлы болатын бағыт бойынша барлық қолдау шаралары жасалатынын жеткізді. Түркия Республикасының «Индустриал» компаниясы   жалпы құны 2,0 млрд. теңгеге жуық, жалпы қуаттылығы 4,2 мВт  табиғи эллектр қуатын өндіретін су электр станциясын Ма­шат өзені бойынан салуды жоспарлап отырғанын тілге тиек етті. Жалпы аталған компания   әлемнің 24 мемлекеттінде күн, су және желден эллектр қуатын өндіруші ірі кәсіпорын екендігін және бұл бағытта қажетті құрал жабдықтар ірі әр-түрлі эллектр қондырғылардан бастап микро схемалық жүйелерге дейін компания өзі жасап шығаратынын жеткізді. Қазіргі уақытта Түлкібас ауданы айына 15 мВт электр энергиясын тұтынып отыр. Жоба іске қосылған соң жаңа электр станциясы аудан қажеттілігінің үштен бірін қамтитын болады.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17