• Бүгін: 21.02.2018

Ж. Түймебаев Универсиадада жүлде салған жерлестерді құттықтады

Алматыда өтіп жатқан «Универсиада-2017» ойындарының екінші жарыс күнінде қыздар арасында фристайл-акробатикадан Оңтүстік Қазақстан облысынан аттанған  Жібек Арапбаева күміс, Жанбота Алдабергенова қола жүлдені жеңіп алды. Тәжірибелі спортшы Жібек жарыс жолында 60.84 ұпай олжалап қытайлық Чжу Иньиньнен кейінгі көрсеткішке қол жеткізді. Ал қола медаль тағы бір жерлесіміз Жанбота Алдабергеноваға бұйырды.  Жанбота жарыс жолында 60.48 ұпай жинаған болатын. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жүлдегер атанған қос қызды телефон арқылы арнайы құттықтады.


«Екеуің Оңтүстіктің ғана емес, Қазақстанның атын аспандатып, намысын қорғай білдіңдер. Ел сендердің жеңістеріңе шын жүректен қуанып жатыр. Барлық командаластарыңа сәлемдемемізді жеткізіп, тағы да жеңіс күтіп отырғанымызды айтыңыздар. Оңтүстік сендерді зор қуанышпен қарсы алғалы  отыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы. Айта кетейік, Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарына Оңтүстік Қазақстан облысынан 5 спортшы қатысуда. Соның алғашқы екеуі олжа салып, ел мәртебесін асқақтатты.     «Бұл жарысқа Оңтүстік Қазақстаннан үш қыз қатыстық. Мен, Жанбота Алдабергенова және Ақмаржан Қалмұрзаева. Үшеуміз де жеңіске жетуді қаладық. Алайда бұл ойымыз жүзеге аспады. Қытай қызын алға жіберіп алдық. Бәлкім дайындық жетіспеген болар. Жалпы, дәл осындай байрақты бәсекенің елімізде болып жатқанына қуаныштымыз» ,- деді Жібек Арапбаева. Айтулы спорт бәсекесінде күмістен алқа таққан Жібек Арапбаева 2011 жылы Алматыда өткен  Азиада ойындарының  күміс жүлдесін жеңіп алған болатын.


 


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17