• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

ОҚО-ДА СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ

Бұл туралы ОҚО Әділет департаментінің басшысы Ерлан Дауылбаев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде 2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.


Елімізде жүзеге асырылып келе жатқан бес институционалды реформаны іске асырудың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамында көзделген бағдарға сәйкес жұмыстардың істелініп жатқанын айтқан департамент басшысы жеке сот орындаушыларының институтын дамыту жұмыстары облысымызда жыл бойы қарқынды жүргізілгенін атап өтті. Мәселен, өткен жылы аймақтағы жеке сот орындаушылар саны 96-ға көбейіп, бүгінгі күні 196 құрап отыр. Сәйкесінше, олардың атқаратын істер ауқымдылығы да артып, жеке орындауға жалпы 213 613 122 352 теңгеге 345 363 атқарушылық құжат түскен. Өткен кезеңмен (2015 жылмен) салыстырғанда, бұл көрсеткіш 52% көбейген. Жеке сот орындаушыларымен 191 859 құжаттың (72 123 960 110,27 теңгеге), немесе 56%, аяқталуы қамтамасыз етілген.


«2016 жылы жеке сот орындаушыларда алименттерді өндіруге қатысты 12 754  құжат болған, оның ішінде 2 678-нің өндірістері аяқталған. Ал, аталған кезеңде мемлекеттік сот орындаушыларының орындауында болған 15 111 алименттік өндірістердің ішінде 14 099 аяқталып, жылдың соңында 1 512 құжат қалған», - деді Е.Дауылбаев.


Баспасөз жиынында адвокаттардың, нотариустардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметтерiнiң сапасына бақылау жүргізу Әділет департаментінің функцияларының бірі болып табылатынын айтқан департамент басшысы облыс аумағында 423 адвокат және 467 нотариус заң қызметін көрсететінін, және олар 2016 жылы 11775 азаматқа тегін заң көмегін көрсеткенін жеткізді. Сондай-ақ, ол қолданыстағы заңнамалардың нормаларын бұзғаны үшін 7 нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылып, 40 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын, 2 нотариус лицензиясынан айырылғанын айтты.


Сондай-ақ, АХАТ саласындағы жұмыстар аясында былтыр жергілікті атқарушы органдарымен 133349 азаматтық хал актілері тіркелген. Оның ішінде, тууды тіркеу 82036 болса, некеге тұруды тіркеу 21716 болған. Ал жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша 156 294 жылжымайтын мүлікке құқықтар тіркеліп, оның ішінде 46509-ы нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін электрондық форматта тіркелген. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу жұмыстары шеңберінде 566 нормативтік құқықтық акті ұсынылып, оның 495-і тіркелді. 11 нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тартылды, 56 – құқықтық сараптама жүргізілмей кері қайтарылды. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау аясында 19 әкімшілік іс қозғалып, соттарда қаралуына сәйкес, құқықбұзушыларға 1533483 теңге мөлшерінде айыппұлдар салынған.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.