• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

ОҚО-да 10 денсаулық нысаны салынбақ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында денсаулық сақтау басқармасы мақсатты индикаторларға қол жеткізді. Нәтижесінде облыс халқының саны 6%-ға, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 3%-ға өскен. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейтжамал Пакеев мәлімдеді.


Сонымен қатар басқарма басшысы өз баяндамасында биылғы жылы бекітілген «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында ауруды ықпалдастыра басқаруды енгізу, сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және алғашқы деңгейде медициналық көмек көрсету көзделгенін атап өтті. Ал медициналық көмекті ықпалдастыру ұстанымы негізінде облыста (регионализация) жол картасы жасалалынып отыр. Онда 6 бағытқа басымдық беріліп отыр. Олар ана мен бала денсаулығын қорғау, жіті инфаркт миокарды, жіті ми қанайналымы, қатерлі ісік, түрлі оқиғалар (жол апаты, улану, т.б.), туберкулез.


Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай өңірде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 10 жоба жүзеге асырылу жоспарлануда. Бұл Шымкент қаласындағы облыстық онкологиялық және туберкулезге қарсы диспансер, №9,11 Шымкент қалалық емханалары мен Мақтааралдағы аудандық емхана және басқа да денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүрмек.


Брифингті қорытындылаған басқарма басшысы С.Пакеев медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жүйелі шаралар жүзеге асырылатын айтты.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.