• Бүгін: 21.02.2018

ХҚКО-дағы техникалық ақауларға байланысты базаны қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Бүгін сағат 8.00-де ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасының істен шыққандығы тіркелді, осыған байланысты қазіргі уақытта халықққа қызмет көрсету орталықтарында бірқатар қызметтерді алу мүмкін емес.


Ақаулықтар анықталысымен-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арқылы деректер базасын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Ақпараттық жүйе жұмысының қалпына келтірілгендігі туралы қосымша хабарланатын болады.


Қазіргі кезде ХҚКО-ларда келесі қызметтерді алу мүмкін емес болып табылады:



  1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;

  2. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;

  3. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру;

  4. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру;

  5. Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қосаалғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;

  6. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;

  7. Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру;

  8. Жылжымайтынмүліккетіркелгенқұқықтаржәнетоқтатылғанқұқықтартуралыанықтамалар беру;

  9. Жылжымайтын мүлік иесі (құқықиеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру;

  10. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;

  11. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдағантұрғынүйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғынүй беру туралы шешім қабылдауы;

  12. Тұрғын үй көмегін тағайындау;

  13. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын айқындау бойынша анықтама беру.


Осы ретте, ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметіне тұрақты тіркеу де, уақытша тіркеу де қамтылатынын айта кету керек. Осылайша, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі деректер базасындағы ақаулықтар жойылғаннан кейін ғана қолжетімді болады.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17