• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

«ТЕАТР КӨКТЕМІ-2016» облыстық фестиваль мәресіне жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен «Театр көктемі-2016» облыстық театр фестивалі өз мəресіне жетті. Облыстағы кәсіби театрлар үш күн бойына жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың шығармаларын сахналап, көрермендерге рухани және тамаша көңіл-күй сыйлады.


Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның жабылу салтанатында тәуелсіз қазылар алқасы өнер шеберлерінің еңбектерін бағалап, 10 аталым бойынша марапаттады.


Жүлде қоры 1 млн. теңге болатын  «Ең үздік қойылым» номинациясымен Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры марапатталса, жазушы, драматург Р.Отарбаевтың арнайы жүлдесімен облыстық опера және балет театры марапатталып, жеңіл автокөлік иемденді.  Ал, «Ең үздік режиссура» номинациясымен облыстық орыс драма театрының режиссері И.Вербицкий жүлде қоры 500 мың теңге, «Актерлық ансамбльдік тұтастық» номинациясымен облыстық әзіл-сықақ және сатира театры (500 000 теңге), «Тарихи тақырыпты үздік меңгергені үшін» номинациясымен Түркістан қаласының сазды-драма театры (300 000 теңге),  «Патриотизмді үздік бейнелегені үшін» номинациясымен облыстық қуыршақ театры (300 000 теңге), «Ең үздік ер адам» номинациясымен Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының актері С.Арипханов (200 000 теңге),  «Ең үздік әйел адам» номинациясымен облыстық өзбек драма театрының актрисасы Д.Халметова (200 000 теңге), «Екінші пландағы ер адам» номинациясымен облыстық өзбек драма театрының актері Ұ.Насыров (100 000 теңге), «Екінші пландағы әйел адам» номинациясымен Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының актрисасы А.Нұртазина (100 000 теңге) алды.


Айта кетейік, өнер сайысын КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «Отан», «Құрмет» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов, театртанушы Қазақстанның халық артисі, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор Есмұқан Обаев, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі, Халықаралық Ш.Айтматов клубының вице-президенті Бусурман Одуракаев, әдебиетші, сыншы, профессор, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-і жанындағы Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Құлбек Ергөбек, Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, Германиядағы Қазақтар қауымдастығының төрағасы Сүлеймен Шадкам, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы қазылық етті.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.