• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Арыстық оқушылар республикалық әскери сайыста ОҚО-ның намысын қорғайтын болады

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, таяуда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда мектеп оқушылары арасында ІІ Облыстық «Айбын» әскери-патриоттық клубтар арасында жарыс өткен болатын.


Облыстық деңгейде өткен жарысқа қатысқан 18 топтың арасынан, Арыстық шәкірттер жүлделі І орынды иеленіп, республика деңгейінде өтетін жарысқа жолдаманы жеңіп алды.


Осыған байланысты, жеңімпаз оқушыларды қабылдаған қала әкімі Сейіт Ертай жастарды жеңістерімен құттықтап, республикалық деңгейде өтетін сайыста жеңімпаз атануына тілестес екенін жеткізді. Сонымен қатар, жеңіске жетуге өз үлестерін қосқан ұстаздарға алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.


Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.