• Бүгін: 21.05.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың ұраны: «Парасыз болашаққа. Бірге!»

2017 жылдың 21 наурыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» республикалық акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың халықпен кездесуі өтті. Акция Наурыз мерекесі күні Түркістан қаласындағы «Есім хан» алаңында жаппай көпшіліктің алдында жүргізілді, мұнда «мобильді топ» арнайы автобуспен жүріп өтті.


Басты мақсат – халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру мақсатында аудан, қалаларға шығу, соның ішінде, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. «Мобильді топ» өз қызметінде қолданылатын нысаналы индикаторлары ретінде - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін анықтау, мемлекеттік қызметтер көрсетілетін орындарда жедел түрде азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруды белгіледі.  


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың» құрамы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаментінің, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ,  жергілікті атқарушы органдар, аймақтық кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақ орталығы мен мемлекеттік корпорациялар, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінен тұрады. 


«Мобильді топ» доңғалақтағы қоғамдық қабылдауды атқара отырып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қолдайтын адамдарға сенімін білдіреді. «Мобильді топ» өз қызметін облыс көлемінде тұрақты негізде жүзеге асырып отыратын болады.  Елбасы жыл сайынғы халыққа Жолдауында бесінші басымдықты – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты анықтап, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екендігін атап өтті. Мемлекеттік бақылау және қоғамды  мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттымен ақпараттандыру Агенттіктің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Агенттік өз тарапынан осы қызметті жүзеге асыруда еліміздің әрбір азаматына түсіндіру мақсатында әртүрлі әдістер қолдануда. Жоспарланған іс-шаралардың басты хабарламасы – «Табысты және гүлденген қоғамды сыбайлас жемқорлықтан еркін азаматтар салуы мүмкін».


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17