• Бүгін: 23.10.2018 |$1 = ₸365.88

Медиация институтын дамыту уақыт талабы

Соңғы жылдардағы тәжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтық даулардың күрт өскені байқалады. Бұл халыктың өз дауын өзара бетжыртысып шешкеннен гөрі, заңдық жолмен шешуге тырысатынын көрсетсе керек. Әрі мұны қарапайым халықтың сот саласына, судьялар әділдігіне деген сенімімен, қазақстандықтардың құқықтық санасының өскендігімен де байланыстырғанымыз жөн болар. Дегенмен, азаматтық істер санының өсуі тараптардың арыз-шагымының жедел, сапалы қаралуына салқынын тигізетінін тағы жоққа шығара алмаймыз. Ендеше, сот жүйесіне қатысты қолға алынған реформаның түпкі мақсаты сот төрелігінің колжетімділігіне, сот шешімдерінің әділдігіне негізделгендіктен, азаматтық  іс жүргізуді сапалы деңгейге көтеретін жаңа заңнаманың қажеттілігі де қоғам талабынан туындаған болатын.


Міне, көпшілік талқысынан өткен Азаматтық процессуалдық кодекстің қолданысқа түскеніне де шамалы уақыт өтті. Жаңа қабылданған кодексте ерекше атап өтетін бір жаңалық бар. Мұнда тараптарды татуластыруға ерекше ден қойылған. Азаматтық дауларды сотқа жеткізбей шешудің маңыздылығын Елбасы үнемі ескертіп келеді. Республика судьяларының VI съезінде де Мемлекет басшысы: «Азаматтық  істерді қарау тәртібі процестің тараптары үшін ыңғайлы және тез, оларды бітістіруге және заманауи технологияны кең қолдануға бағытталуы тиіс», дей келе азаматтық іс жүргізу заңнамасын жаңғыртып, медиация институтын дамытудың уақыты келгенін айтқан болатын. Расында да, кодексте дауларды шешудің балама әдістері мен татуластыру рәсімдері кеңінен қарастырылған. Осылайша кодекске сот медиациясы мен партисипативті рәсімдер институы енгізілді. Судьяға екі тарапты бітімге келтіру құқығы берілген. Сондайақ, жаңа заңнамаға сай, татуластырумен тек медиаторлар, судьялар ғана емес, адвокаттар да айналыспақ. Шыны керек, бес сатылы сот жүйесі адвокаттарға тиімді болатын.


Іс созылған сайын олардың қаламақысы жүре беретін еді. Сондайақ, адвокаттар тараптарды татуластыруға мүдделілік таныта қоймайтын. Мұның да астарында қаржылық қызығушылықтың жатқаны белгілі. Ал, Партисипативті рәсім адвокаттардың кәсіби өкілдік ету рөлін реттейді. Әрі тараптардың татуласуына кедергі колтіретін адвокаттардың қызметіне тосқауыл қояды.


Әрине, өз ұстанымын дұрыс деп санап, соттың соңғы сатысына дейін қуынуға баратын азаматтарды райынан қайтару үшін тек зандық тетіктер енгізу аз. Сонымен қатар, мұның қаржылық қызығушылығы да болуы шарт. Міне, жаңа кодексте осы тұсы жақсы ескерілген. Бұрынғы кодексте бұл жағы ескерілмеді, татуласқандардың салығы қайтарылған жоқ. Ал, енді тараптар процестің алғашқы кезеңдерінде бітімгершілікке келсе төленген мемлекеттік баж кері қайтарылады. Бұл жаңалықтың біраз азаматтарды ынталандырары даусыз. Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ, сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.


Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Келісімде орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар келіскен шарттар толық қамтылуы шарт. Татуласу келісіміңде кейінге қалдыру немесе ұзарту мерзімдері көрсетіле отырып, жауапкердің міндеттемелерді орындауын кейінге қалдыру немесе ұзарту, талап ету құқығын басқаға беру, борышты толық немесе ішінара кешіру не мойындау, сот шығыстарын бөлу, татуласу келісімін мәжбүрлеп орындау туралы шарттар және заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуы мүмкін. Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, олар өзара өтелді деп есептеледі.


Сот тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатты сот отырысында қарайды. Отырысқа келмеген және өтініш-хатты олардың қатысуынсыз қарау туралы арыз болмаган жағдайда, сот татуласу келісімін бекіту туралы өтініш-хатты қарамайтынын да ескере кеткен жөн. Сондай-ақ, сот қарау нәтижелері бойынша татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату не татуласу келісімін бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. Сот татуласу келісімін бекітуден бас тартқан жағдайда бұл туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы уәждер апелляциялық шағымда көрсетілуі мүмкін.


                                                                     Түлкібас аудандық сотының судьясы Б.А.Турабай


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17