• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Түркістанда көпқабатты 100 тұрғын үй салынады

«Аймақтық» коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті. 

Баспасөз мәслихатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысын баяндаған Түркістан қаласының әкімі қаладағы жаңадан құрылған «Отырар» шағын ауданындағы 100 гектар жерге көпқабатты 100 тұрғын үй салынатынын айтты. 

«Бүгінде мұнда жалпы саны 8 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың ішінде өз қаржыларына «Қазақстан ипотекалық компаниясы» 5 қабатты 4 үй салса, «Отау Строй» компаниясы 72 пәтерлі 9 қабатты 2 үйдің құрылысын салуда. Сонымен қатар, «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Нәтижесінде, жыл соңында 6 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда», -деді қала басшысы.

Айта кетейік, Түркістан шаһарында қазіргі таңда 3600-ден астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша өткен жылы 30,1 млн. теңге қаралып, көпқабатты 4 тұрғын үй модернизациялаудан өтті. Нәтижесінде, қаладағы жаңғыртудан өткен баспаналардың саны 22-ге жетті.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.