• Бүгін: 21.02.2018

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚАУІПТІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылуда.


Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің  мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді.


Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев биылғы Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып күресуге шақырды.


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, күресуді күшейту мақсатында «Қылмыстық кодекске», басқа да нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдар жаңадан қабылданды. Қазіргі таңда, осы Заңдар мен нормативтік құқықтық актілер өз нәтижесін беруде.


Алайда, мұнымен жемқорлық дерті тыйыла қойған жоқ.


Оған дәлел, Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдың басынан  2017 жылдың 22 мамырына дейінгі аралықта ҚР қылмыстық кодексінің  367 бабымен («Пара беру») 121 қылмыс тіркелген. Оның 112 аяқталған қылмыстар (53 сотқа кеткен, 59 ақталмайтын негізбен) алынған.


Жоғарыдағы фактілерді келтіре отырып, Сіздерді сыбайлас жемқорлықпен күресуге, халық арасында қатерлі дертке жол бермеуге, болашаққа жарқын қарауға шақырамыз.


Сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністеріне тап болсаңыздар, осыған байланысты хабарламаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттеріне жазбаша түрде (мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қазыбек би к,3 немесе Тәуке хан даңғ,3), «Электронды үкіметтің» egov.kzпорталына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Сall-орталығына жолдауға болатындығын хабарлаймыз.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы А.Қапалбаева


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17