• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ОБЛЫСТА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ӨТКІЗУДЕ

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке жұмысын енгізу бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттырып, олардың азаматтармен тікелей байланысын орнату.


Пилоттық жоба аясында әр аптаның сейсенбі күні сағат 17.00-18.00 аралығында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің мәжіліс залында (Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, №3) азаматтармен жеке қабылдау өткізеді. Осы орайда, жеке қабылдауға жазылып, мемлекеттік қызметшілер немесе мемлекеттік мекемелер тарапынан орын алған құқықбұзушылықтар туралы хабарлауға болады. Жеке қабылдауға жазылу кемінде бір күн бұрын 8 (7252) 53-61-72 телефоны арқылы жүргізіледі. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке қабылдау кестесімен Департаменттінің memkyzmet.kz сайты арқылы танысуға болады


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.