• Бүгін: 16.08.2018

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ОҚО филиалының директоры, «Азаматтық Альянс» ассоциациясының мүшесі А.Ахметов Созақ ауданының тұрғындарымен кездесті.


Кездесу барысында Абдулла Ахметұлы облыста Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке жұмысын енгізу бойынша Пилоттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы құқық бұзушылықтың салдарымен емес, оның себептерін анықтауға бағытталғанын жеткізді.


Сонымен қатар, Пилоттық жоба аясында бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін тікелей Әдеп жөніндегі кеңес мүшелеріне хабарласу мүмкіндіктері түсіндірілді.


Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен азаматтық қоғам арасында байланыс орнату.


Бүгінгі күні Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке жұмысын енгізуге барлық жағдайлар жасалған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау, көшпелі кездесулер өткізу кестелері бекітіліп, олардың атынан жолданатын хаттардың арнайы бланкілері әзірленді. Облыстағы әрбір аудан, қалалармен жұмыс жасайтын Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері айқындалған.   


Айта кетейік, ағымдағы жылғы 12 қазанда Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты  Ә.Досболов Сарыағаш ауданында халықпен және мемлекеттік қызметшілермен кездессе, 17 қазан күні А.Ахметұлы Шымкент қаласында жеке қабылдау өткізді.


Сонымен қатар, жоба аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері    әр аптаның сейсенбі күні сағат 17.00-18.00 аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің мәжіліс залында (Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы,3) азаматтармен жеке қабылдаулар өткізуде.


 Жеке қабылдауға жазылу кемінде бір күн бұрын 8 (7252) 536-172 телефоны арқылы жүргізіледі. 


Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке қабылдау кестесімен Департаменттінің memkyzmet.kz сайты арқылы танысуға болады.


 


 


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17