• Бүгін: 14.08.2018

БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша  2017 жылға арналға кешенді жоспарға сәйкес,  ағымдағы жылдың 22 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) мен «Үміт» ҚБ бірлесе «Бақылау-қадағалау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырды. Іс-шараға Департамент қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ өкілдері,  мемлекеттік мекемелердің заңгерлері мен персоналды басқару бөлімінің бас мамандары қатысты.  Семинар-кеңестің мақсаты – бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру кезінде, осындай функциялары бар мемлекеттік органдардың қатысуымен дискрециялық өкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау. Іс-шараны Департаменттің өкілі Г.Мұсабекова жүргізіп отырды. Гүлжан Есенқызы қатысушыларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі, сыртқы талдаудың жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Әрі қарай, талқыланып отырған мәселеге сәйкес әр саланың өкілдері өз ойларын білдірді.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Там 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

7

8

11

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17